Орталықтың командасы азаматтық секторда жұмыс істеуде мол тәжірибесі, білімі бар және Сараптама Орталығының қызметі аясында міндеттемелерді шешуге барынша атсалысады.
Орталық қызметкелерінің негізгі жұмысы Орталықтың қызметі туралы кеңес беру, әртүрлі шараларды ұйымдастыру, ақпараттық-ресурстық базаға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады.
"Құрметті әріптестер! Баршаңызды ҮЕҰ Сараптама Орталығы сайтының ашылуымен құттықтаймын. Белсенді және тиімді ынтымақтастыққа сенім артамын. Сіздердің креативті ойларыңыздың және сындарлы ұсыныстарыңыздың арқасында сайт пайдалы әрі мазмұнды болатынына сенімдімін."
Бақытнұр Отарбаева Директор, ҮЕҰ Сараптама Орталығы
Бақытнұр Отарбаева Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде оқытушы болып қызмет атқарды. 1994 жылы Fulbright стипендиясын иеленіп, Индиана университетінде (Блумингтон, АҚШ) шақырылған ғалым ретінде жұмыс істеді.
1996 жылы Бақытнұр Отарбаева Вудро Вильсон Халықаралық Орталығының стипендиясын жеңіп алып, Вашингтондағы Кеннан Институтында зерттеуші болып жұмыс істеді. 1997 жылы ол доктор Джон Шоберлайнның басшылығымен өткен Гарвард Университетінің Орталық Азия Зерттеулер форумының «Орталық Азияны зерттеудегі ғылыми ресурстар» атты зерттеу жобасына қатысты.
1997 жылдан бастап Б. Отарбаева Сорос-Қазақстан қорында ұлттық үйлестіруші, содан соң «Ұлттық Дебат Қоры» ҚҚ атқарушы директоры болып жұмыс істеді, сол уақытта дебаттар парасатты жастар арасында аса танымал және үлкен беделге ие оқудан тыс сабақтарға айналды. 2003 жылы Нидерландтағы IDEA Халықаралық Қауымдастығы Басқармасының құрамына кірді. 2002-2007жж. Қазақстандағы Фулбрайт қауымдастығының (FASK) президенті болды.
Бақытнұр Отарбаева дебаттар, менеджмент, стратегиялық жоспарлау, фандрайзинг және көшбасшылық бойынша әр алуан ұлттық және халықаралық семинарларға, курстарға және конференцияларға, соның ішінде Будапешттегі (Венгрия) Еуропа Орталық университетінде, Чех Республикасында, Хорватияда, Польшада, АҚШ және Түркияда өткен семинарлар мен конференцияларға қатысты.
Сонымен қатар Отарбаева Орталық Еуразия Көшбасшылық Академиясының түлегі. Ол 2005 жылы Дьюк Университетінің (Солтүстік Каролина, АҚШ) азаматтық қоғам жөніндегі Джоэл Флейшманның стипендиясын жеңіп алды. 2007 жылы Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде халықаралық қатынастар жөніндегі проректор болып қызмет атқарды.
2010 жылы «Қазақстан Республикасында әлеуметтік серіктестікті қалыптастыру» тақырыбында политологиядан докторлық диссертация қорғады. 2012 жылы JFDP грантын жеңіп алып, АҚШ-тағы Индиана Университетіне оқытушы болып шақырылды. Бақытнұр Отарбаева «Wikibilim» ҚҚ басқармасының мүшесі болып табылады. Отарбаева қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген және түрік тобындағы біраз тілдерді түсінеді. Қазіргі уақытта Бақытнұр Отарбаева Халықаралық Бизнес Академиясында Жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті болып жұмыс істейді және ҮЕҰ Сараптама Орталығын басқарады.
Алма Шолпанқұлова
Жобалар жөніндегі менеджер, ОАЕҚ
"Сіздерді ҮЕҰ Сараптама орталығы сайтының ашылуымен құттықтауға қуаныштымын. Сайттың ашылуы қарым-қатынас жасау, тәжірибемен алмасу, кәсіби өсу, жаңа идеяларды ұсыну үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенемін!"
Алма Шолпанқұлова Жобалар жөніндегі менеджер, ОАЕҚ
Орталық Азияның Еуразия Қорында 2012 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді.
ОАЕҚ келгенге дейін Алма АҚШ-тың Қазақстандағы Бейбітшілік Корпусында «Білім беру» және «Жастар бастамаларын қолдау» бағдарламаларының Аймақтық Менеджері болып жұмыс істеді.
10 жыл бойы Алма Бейбітшілік Корпусы волонтерлерінің Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы жұмысын үйлестірді: тренингтер әзірлеп, өткізді, жобаларды жоспарлауға және басқаруға көмектесті, АҚШ-тың Қазақстандағы Бейбітшілік Корпусының «Экологиялық білім» бағдарламасының жоспарын әзірлеуге және ендіруге қатысты.
Алмаға “The Classroom Management Idea Book” кітабын шығаруға атсалысқаны үшін (АҚШ елшілігі, Алматы, 2009 ж.), сонымен қатар “World Wise Schools” бағдарламасына үлес қосып, жүзеге асырғаны үшін алғыс хат (Вашингтон, АҚШ, 2010 ж.) берілді.
Алма ШолпанқұловаАлматы Шет Тілдер Институтының дипломына (Алматы, 1985 ж.),
Экологиялық білім жөніндегі тренердің халықаралық сертификатына (Румыния, 2003 ж.),
АҚШ Бейбітшілік корпусының Білім беру және тренингтерді ұйымдастыру бағдарламасы бойынша жұмыс істеу мәселелері жөніндегі сертификатына (Вашингтон, Колумбия округі, АҚШ, 2005ж.) ие.
Айдана Қонарова Орталық Азияның Еуразия Қорында 2013 жылдың ақпан айынан бастап, «Шеврон-Қазақстан» корпорациясымен серіктестікте «ҮЕҰ саласындағы сарапшылардың әлеуетін дамыту бастамасы», сондай-ақ 2013 жылдың тамыз айынан бастап ERSAI (Caspian Contractor LLC) компаниясымен қаржыланатын «Құрық ауылындағы орта білім беру сапасын жақсарту бастамасы» жобаларының ассистенті қызметін атқарады. Халықаралық Бизнес Академиясының «Сала бойынша экономист» мамандығын бітірді. Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Заманауи Гуманитарлық Академиясында (Мәскеу қ.) өз білімін арттырып жатыр. Колледждегі оқуы кезінде Айдана Алматы қ. «Компания ФудМастер–Айс Крим» ЖШС екі рет тағылымдамадан өтті. Бухгалтерлік есеп бойынша сертификаты бар. 2012 жылы Ыстықкөл, IDEA «21 ғасыр жастары: пікір-талас және медиа өнімді шығару» атты тренингке қатысып, 2013 жылы Душанбе қ., Тәжікстан «SICamp”2013» халықаралық байқауында оның «Сенім сайты 911» жобасы жүлделі орынға ие болды.
Республикалық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы болып табылады: 2012 жылы Астана қ. Қазақстандағы Куба Республикасы Елшілігінің 1 дәрежелі дипломын, сол жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті жеңімпазының дипломын иемденді.
Айдана бала кезінен қоғамдық өмірге белсенді араласып келеді, ерікті ретінде Ақмола облысында ҮЕҰ-ның жергілікті билікпен серіктестіктегі әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға көмектесті. 2005 жылдан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ықпалымен Қазақстанның Азаматтық Альянсының республикалық акциялары мен жобаларына қатысты. Орталық Азия бойынша пікір-талас қозғалысына белсенді атсалысады.