ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) – бұл ғылыми органдарды және кәсіби қауымдастықтарды қосқанда, жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде құрылған азаматтардың коммерциялық емес ерікті топтары. ҮЕҰ нақты міндеттерді орындауға бағытталған және ортақ мүддемен біріккен адамдардан тұрады, осы ұйымдар әртүрлі қызметтерді көрсетеді, гуманитарлық функцияларды орындайды, азаматтардың толғанысын туғызатын проблемаларға үкіметтің назарын аудартады, саясаттың жүргізілуін бақылайды және жергілікті деңгейде саяси қатысуды ынталандырады.
Дереккөз: http://helid.digicollection.org
Халықаралық үкіметтік емес ұйым – бұл адамзаттың саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және басқа салаларында халықаралық ынтымақтастыққа қолдау көрсету мақсатында құрылған әртүрлі мемлекеттердің ұлттық қоғамдық ұйымдарының, одақтарының, топтарының және жеке тұлғаларының бірлестігі; бұл үкіметаралық келісімнің негізінен тыс құрылған және коммерциялық пайда көруді мақсат тұтпайтын ұйым.
Дереккөз: http://vse-uchebniki.com
Үшінші сектор (III сектор) – бұл үкіметтік емес ұйымдардың жиынтығын сипаттайтын термин.
Үшінші сектордың сипаттамалары:
- мемлекеттік емес, үкіметтік емес;
- тәуелсіз, өйткені қаржыландыру көздерінің көптігі оны мемлекеттен және бизнестен тәуелсіз етеді.
- коммерциялық емес, табысты емес,
- ерікті белсенділік секторы (волонтерлік, еріктілік), өйткені онда волонтерлердің ерікті еңбегі кеңінен қолданылады.
- филантроптық, қайырымдылық, өйткені осы сектордың көп бөлігін қайырымдылық қорлары құрайды.
Дереккөз: http://ru.wikipedia.org
Қоғамдық ұйымдар – бұл сөз тіркесі «қоғамдық негіздердегі қызмет» ұғымымен, ұйымның еріктілігімен және риясыздығымен ұқсастырылады, өйткені қоғамдық сипатқа ие қызмет мақсаттарын көрсетеді.
Дереккөз: http://rus.ngo.pl
Азаматтық ұйымдар – бұл термин ұйымдар азаматтармен құрылатынын және азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыру әдісі болып табылатынын көрсетеді. Сонымен қатар осы атау азаматтық ұстанымды, өз проблемаларын шешу үшін бірігетін азаматтардың саналығын айқындайды. Ол жанама түрде субсидиарлық ұғымымен ұштасады.
Дереккөз: http://rus.ngo.pl
Тұрақты даму – болашақтағы ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне залал тигізбестен қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын даму.
Дереккөз: http://www.csrkz.org
Тренинг (ағыл. train сөзінен шыққан training — оқыту, тәрбиелеу) — білімді, ептілікті және дағдыларды және әлеуметтік нұсқауларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдісі. Егер қалаған нәтиже — бұл тек ғана жаңа ақпарат алу емес, сонымен қатар алған білімді практикада қолдану болса, тренинг жиі қолданылады.
Дереккөз: http://ru.wikipedia.org
ТаТ (Тренерлерге арналған тренинг) – бұл кез келген тренингтерді өткізетін немесе тренинг өткізуді бастағысы келетіндерге арналған мамандандырылған курс. Әдетте, осындай оқу әдісінде тренингті әзірлеу әдістемесі, топпен жұмыс істеу тәсілдері, топ қатысушыларының жағымсыз немесе кездейсоқ реакциясына жауап беру жолдары, оқыту нәтижелерін талдау талқыланады. Оны тәжірибелі, өз ортасында үлкен беделге ие, тек үлкен тәжірибеге ғана ие емес, сонымен қатар өзіндік әзірлемелері, жарияланымдары бар оқытушы жүргізеді.
Дереккөз: http://novved.ru
Консалтинг — қаржы, заң, технология, техника, сараптама қызметі саласында бір топ мәселелер бойынша өндірушілерге, сатушыларға, сатып алушыларға кеңес беру бойынша қызмет. Консалтингтің мақсаты — менеджментке алдыға қойған мақсаттарға жетуге көмектесу. Консалтингтік компаниялар қызметтің жеке бағыттары бойынша маманданады (мысалы, қаржылық, ұйымдастырушылық, стратегиялық)
Дереккөз: http://ru.wikipedia.org
КСО (Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік) – тұжырымдама, ол арқылы компаниялар әлеуметтік және экологиялық проблемаларды өздерінің іскерлік операцияларымен және өздерінің әрекеттерін ерікті түрде мүдделі тараптармен біріктіреді.
Дереккөз: http://www.csrkz.org