![]() 15.03.2016
Қазақстанды қолдау жобасы аясында 14 үкіметтік емес ұйым грант ұтып алды
«Жасыл экономика» моделіне өту бойынша «Қазақстанды қолдау» жобасы аясында 14 үкіметтік емес ұйым грант ұтып алды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясының басқарма төрайымы мәлімдеді.
Салтанат Рақымбекованың айтуынша, шара аясында коммуналдық, ауылшаруашылық пен суды пайдалану және жаңартылған энергетика саласы қамтылған. Бастамалар еліміздің 8 аймағында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ суды үнемдеуге бағытталған республикалық Water in Aulсайысынаөтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр. Water in Aulсайысына 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысуға құқылы. Үздік «жасыл бизнес жобасының» жеңімпазы 1 миллион 300 мың тенгеге ие болады. Салтанат Рақымбекова, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту» Коалициясы ЗТБ басқарма төрайымы: - Негізгі «жасыл экономиканы» енгізу үшін жақсы жобалар енгізілуі керек. Ол жоба өзімен өзі емес, халықтың жағдайына, өмір сүру сапасына тиісті болуы керек. Бұл қандай тақырыптар? Тұрғын үй, ауыл шаруашығы мәселесіне байланысты тақырыптар. Дереккөз: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/110644-14-kimettik-emes-jym-grant-typ-aldy |
||
Последние новости
|