Жаңалықтар
17.03.2016
Қоғамның бақылауындағы билік органдарында жемқорлыққа жол берілмейді - М. Әбенов
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қоғамның бақылауында болатын билік органдарында жемқорлыққа жол берілмеді. Бүгін Алматыда «Азаматтық қоғамның тиімді басқаруға қолдау көрсетуі: тәжірибелер мен тәсілдер» тақырыбында өтіп жатқан өңірлік конференция барысында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында «Серпін» Ұлттық білім беру ұйымдары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов осылай деді.

«Бізде қоғамдық мәселелерді мемлекет шешеді, ал халық тек сын айтады деген ертеден келе жатқан көзқарас бар. Біз содан арылуымыз керек. Қазір, жер-жерде қоғамдық кеңестер құрылып жатыр. Бұл да атқарушы органдардың, басқа да мекемелердің жұмысын бақылауға жол ашады.

Одан кейін жергілікті халық және қоғамдық ұйымдар әкімдіктердің қаржы бөлуге қатысты әр түрлі жиындарына қатыса алады. Яғни, қоғамның бақылауында болатын билік органдарында жемқорлыққа жол берілмейді әрі бюджет ақшасы үнемделеді», - деді М. Әбенов.

Қазақстандағы Орталық Азияның Еуразия Қоры ұйымдастырған бүгінгі шараға АҚШ-тың Халықаралық даму бойынша агенттігі (USAID) қолдау көрсеткен.

Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, БҰҰ бағдарламаларының Қазақстандағы және Тәжікстандағы өкілдері,үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысып отыр.

15.03.2016ж.

Дереккөз:

« | » « Назад | Барлық жаңалықтар
Последние новости

27.07.16
14.07.16
07.07.16
Мекен-жайы: 050000, Алматы қ
Розыбакиев к-сі, 227, 405 каб.

Тел.:
Email:
Copyright © . All Rights Reserved.